«Динамо» Минск — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 2 қазанда, Минскіде ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Динамо» мен елордалық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Динамо» Минск — «Барыс» матчының тікелей трансляцциясы астаналық уақытпен 22:10-да басталады, кездесуді «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.
Еске салайық, «Барыс» кейінгі рет 25 қыркүйекте жеңіске жеткен - сырт айдында «Нефтехимиктен» (6:5 ОТ) басым түскен еді. Ал соңғы екі матчында қазақстандықтар «Адмирал» (2:3 Б) мен «Сибирьге» (1:2) жол берген еді.