«Барыс» елордада «Сибирьден» жеңіліп қалды
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Новосібірдің «Сибирь» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойынның 1-минутында ресейлік клуб сапынан Илья Морозов есеп ашса, 39-минутта Николай Прохоркин басымдықты арттырды.
Ал 58-минутта «Барыс» сапынан Рудольф Червены есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді «Барыс» бұдан кейін үш кездесуін сыртта өткізеді. Алдымен 2 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен кездессе, одан кейін Ресейде ЦСКА (Мәскеу), «Витязь» (Подольск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или