Темірлан Ерланов: 3 ұпай алуға міндетті екенімізді түсіндік
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Ордабасы» қорғаушысы Темірлан Ерланов «Мақтааралға» қарсы өткен матч жайлы:
– Бұл жеңісті біздің қиын-қыстау кезеңде қолдауын тоқтатпай, стадионды лық толтырып жүрген жанкүйерлерімізге арнаймыз! Біз сіздердің қолдауыңызды, күш-қуаттарыңызды сеземіз. Сіздерге көп рахмет!
Матчқа келер болсақ, өте қиын ойын болды. Дегенмен жеңіске лайық ойын көрсеттік. Психологиялық тұрғыда маңызды жеңіс. Ойыншылардың бәрі қатарынан екі жеңілістен кейін 3 ұпайды алу үшін алаңда жанымызды салуға міндетті екенімізді түсінді.
«Жетісуға» қарсы келесі ойында ортақ мақсатымызға жету үшін алаңда барымызды салуымыз керек. Футболшылардың ойында тек осы! Бұйырса, бәрі жақсы болады!