Махмұд Сабырханның Азия ойындарындағы қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2023 жылы Азия ойындарындағы келесі қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Сабырхан Солтүстік Корея өкілі О Тэ Беоммен кездеседі. Бұл жекпе-жек 30 қыркүйекте өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Махмұд Сабырхан құрлық біріншілігін оңтүстіккореялық боксшы Йи Чан Лиді жеңумен бастаған болатын.