«Барыс» — «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойында «Барыс» өз алаңында «Салават Юлаевты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» — «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, «Барыс» былтыр аса сәтсіз өнер көрсетіп, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орын алды.
Ал уфалық клуб плей-офф кезеңіне өтті, бірақ алғашқы айналымда сүрінді.