«Барселона» мен «Реал Мадрид» кездесуінде ірі есеп тіркелді

30 шілдеге қараған түні "Барселона" мен "Реал Мадрид" арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эль-Класико Арлингтон қаласындағы (Техас, АҚШ) AT&T стадионында өтіп, каталондықтардың 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Жеңімпаздар сапында Усман Дембеле, Фермин Лопес Мартин және Ферран Торрес гол соқты.
Айта кетейік, келесі ойында «Барселона» «Миланмен» (2 тамызда), «Реал» «Ювентуспен» (3 тамызда) кездеседі.