Карлос Алькарас 2026 жылғы ATP қорытынды турнирінде ойнайды

Карлос Алькарас 2026 жылғы ATP қорытынды турнирінде ойнайды

Әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькарас 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша ATP қорытынды турниріне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық теннисші жылдың басты қорытынды жарысында әлемнің үздік ойыншыларымен бірге бақ сынайды.

«Жолдама алды! Алькарас ATP қорытынды турнирінде қатарынан бесінші маусым өнер көрсетуге дайын! Туринде кездескенше!» – деп жазды ATP баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Карлос Алькарас биыл Australian Open турнирінде чемпион атанып, Дохада өткен ATP-500 санатындағы жарыста да жеңіске жетті.

Алькарасқа дейін бұл турнирге Германия өкілі Александр Зверев пен италиялық Янник Синнер жолдама алған болатын.

ATP қорытынды чемпионаты Италияның Турин қаласында өтеді. Турнир 2026 жылдың 15-22 қарашасы аралығына жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или