Арина Соболенко US Open-2026 турнирінде қатарынан төртінші рет финалға шықты
Арина Соболенко жартылай финалда әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы екі сетте жеңіп, US Open-2026 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нью-Йорктегі Артур Эш атындағы стадионда өткен матч 1 сағат 20 минутқа созылып, беларусь теннисшісінің 7:5, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Пегула алғашқы партияда қарсылық көрсете білді. Алайда Соболенко сет соңындағы маңызды ұпайларды өз пайдасына шешіп, кейін кортта толық басымдық танытты.
Матч барысында Арина 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың 3-ін пайдаланды. Ал оның қарсыласы 4 эйс орындап, брейк жасауға берілген жалғыз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады.
US Open турнирінің чемпиондық атағы үшін өтетін финалда Арина Соболенко қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездеседі.