Бокс

Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қол жеткізді

Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Единбургте (Шотландия) өткен бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (14-0, 10 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол испаниялық Джон Картермен (15-0-1, 7 КО) жұдырықтасты. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ Сұлтан үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Сұлтан Зәуірбектің бұған дейінгі жекпе-жегі 2023 жылы 25 наурызда Болтон қаласында өткен, онда жерлесіміз аргентиналық Факундо Арсені нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0