IBF рейтингі: Мейірім Нұрсұлтанов титулды жекпе-жекке жақындады

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингіне қазақстандық үш боксшы енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Али Ахмедов екінші орта салмақтағы ТОП-10 тізімге енді. Ол тоғызыншы сатыда тұр. Бұл дивизионда чемпиондық белбеу мексикалық Сауль Альвареске тиесілі.
Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақта бесінші орынға жайғасты. Жақында германиялық Винченцо Гуальтьери осы дивизионда чемпион атанды.
Рейтингте бірінші және екінші орын бос тұрғанын ескерсек, Мейірімнің міндетті үміткер атануға мүмкіндігі мол.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингте Сұлтан Зәуірбек 14-орында тұр. Бұл салмақта Джозеф Кордина чемпиондық титулға ие.