Бұрынғы әлем чемпионы Астанада ер адамды соққыға жықты

18 маусымда Астанадағы бір сауда үйлерінің бірінде екі ер адам арасындағы жанжалға байланысты 102 нөміріне қоңырау түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жанжалға балалардың ойын алаңындағы кикілжі себеп болған. Осыған байланысты әкелер төбелесіп қалыпты.
Келген патруль төбелеске бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен Астана қаласының тұрғыны Азизбек Қадыров қатысқанын анықтады. Соңғысы ұрыста жеңіліп, жараланып қалғандықтан, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Іс бұзақылық ретінде тіркелді. Орташа ауырлықтағы мұндай қылмыс үшін 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу немесе қоғамдық жұмысқа тарту, не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.