ЦСКА «Бешиктастың» Зайнутдиновқа қатысты ұсынысынан бас тартты

«Бешикташ» ЦСКА-ға Бақтиер Зайнутдинов үшін 3 миллион еуро және бонус ретінде тағы 3 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.
ЦСКА бұл ұсыныстан бас тартты. Клуб ойыншыны 6 миллион еуродан арзанға сатуды қарастырмайды.
Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов осы маусымда Ресей Премьер-лигасында 21 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ футболшы Ресей кубогын жеңіп алды (2023).