Гандболдан U-20 Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын жеңді

Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші турында турнир қожайындарынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 32:17 есебімен аяқталды.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты. Әйелдер
Гонконг (U-20) – Қазақстан (U-20) 17:32 (8-13 9-19)
Еске салайық, кейінгі матчта Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Оңтүстік Корея құрамасымен кездесу өткізіп, екі тайм барысында қарсыласына есе жіберген болатын.