Гридин Екінші лига командасына ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Гридин Екінші лигада доп тебеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
36 жастағы ойыншы Алматының «AKAS» клубына ауысты. Жаңа командасында ол 5-нөмірмен өнер көрсетеді.
Гридин бүгін Екінші лиганың сегізінші туры аясындағы «Ордабасы Ж» командасына қарсы ойында алаңға шығады. Матч Астана уақытымен 17:30-да басталады.
Сергей Гридин бұған дейін талдықорғандық «Жетыісуда» өнер көрсетті, бірақ былтыр желтоқсаннан бері клубсыз жүрді.