Әлем чемпионаты (U-20): Аргентина мен Өзбекстан плей-офф кезеңіне шықты

Аргентинада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының А тобындағы үшінші тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аргентина U20 құрамасы 3-турда Жаңа Зеландияны жеңді (5:0). Аргентиналықтар қатарынан үш жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.
«А» тобындағы екінші кездесуде Өзбекстан құрамасы Гватемаладан келген құрдастарынан басым түсіп (2:0), топта екінші орын алды.
ӘЧ-2023 (U-20), 3-тур
Словакия – АҚШ – 0:2
Гол: Коуэлл, 38, Цакирис, 90+6.
Эквадор – Фидж – 9:0
Гол: Паэс, 7. Клингер, 34. Куэро, 36, 45+6. Минда, 66,85. Чамба, 90+2. Кристофер Самбрано, 90+6-п, 90+11.