Қазақстан құрамасы Алматыда Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойындарға дайындалады

Қазақстан құрамасы 8 маусымда Алматыда Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойындарға дайындық үшін жиналады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдағы екі матчта ұлттық құрама табиғи алаңда ойнайтындықтан, команда табиғи алаңда жаттығатын болады. Жаттығудың негізгі нұсқасы - оңтүстік астананың Орталық стадионы.
Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойындар сәйкесінше 17 және 20 маусымға жоспарлған. Матчтар Парма мен Белфастта өтеді.