русский язык
Бокс

Қазақстандық нокаутшы «жұлдызды» жекпе-жек алды

Қазақстандық нокаутшы «жұлдызды» жекпе-жек алды

Жартылай жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген Александр Ковригин (6-0, 4 КО) рингке жаздың басында оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 маусымда 22 жастағы боксшы Эбербахта (Германия) 33 жастағы поляк Петр Грудельмен (10-9-1, 1 КО) күш сынасады. Он раундқа есептелген жекпе-жекті Boxrec.com сайтына бір жұлдызға бағалаған. Ковригиннің бұған дейінгі жекпе-жектері танымал порталдан ешқандай жұлдыз алмаған еді.

Александр Ковригин кейінгі жекпе-жегін 4 ақпанда Ванген-им-Алльгойда (Германия) өткізіп, грузиялық Джаба Мемишишиді (8-19, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;