Хоккей

ӘЧ-2023: Словакияны жеңген Қазақстан құрамасы видео жариялады

ӘЧ-2023: Словакияны жеңген Қазақстан құрамасы видео жариялады

Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құрама әлем чемпионатында Словакияны жеңгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеден видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мамырдың 19-нан 20-на қараған түні Қазақстан құрамасы буллит сериясында Словакияны 4:3 есебімен жеңді. Негізгі уақытта Қазақстан құрамасы сапынан Роман Старченко, Валерий Орехов және Евгений Рымарев шайба соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бес ойында 4 ұпай жинап, В тобында алтыншы орынға табан тіреді. 20 мамыр күні Астана уақытымен сағат 23:20-да біздің хокейшілер Латвия құрамасымен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0