«Жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер»

«Жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер»

Астанадағы «Сайран Аренада» футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы «JusanSvoyaLiga» турнирінің Көктемгі Біріншілігі  аяқталды. Prosports.kz осы турнирдің қорытындысын ұсынады.

Jusan «SD Family» клубымен бірлесіп ұйымдастырған ауқымды турнирге 700-ден аса бала қатысты. 38 команда төрт жас тобы бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды: 2007-2008 жылы туғандар; 2009-2010; 2011-2012 және 2013-2014. Көктемгі Біріншілік 1 сәуір мен 9 мамыр аралығында 6х6 форматында өтті.

«Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын белсенді дамыту аясында Jusan бұл бағытта айтарлықтай қолдау көрсетеді. Биыл біз «SD Family» клубымен ынтымақтастықты жалғастырдық және бұл турнир – біздің әлеуметтік жауапкершілігіміздің көрінісі. Сонымен қатар, бұл Jusan-ның Қазақстанның жас буыны арасында футболды насихаттау мен дамытуға, жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер ашуға қосқан кезекті қадамы және үлесі. Бұл біздің ынтымақтастық аясындағы соңғы турнир емес, біздің ынтымақтастық тарихымыз қалыптасты. Сондай-ақ, еліміздің спорттық қоғамдастығын нығайтуға деген ниетімізді нарықтағы басқа серіктестеріміз де қолдайтыны қуантады», - деді Jusan өңірлік маркетинг бағытының басшысы Айбол Қалыбаев.

«JusanSvoyaLiga» Көктемгі Біріншілігі

Финалдар:

2007-2008. «Сайран» - «Целиноград» - 1:1 (пенальтиден «Целиноград»)

2009-2010 – «Progress» - «Сайран» U13 - 1:2

2011-2012 - СДЮСШОР 2011 – «Сайран-2011» - 2:3

2013-2014 – «Footninja» - СДЮСШОР (1) - 3:1.

3-орын үшін матчтар:

2007-2008 – «SD Family» - «Эверест» - 2:4

2009-2010 - БФО – «Эверест» - 1:0

2011-2012 – «Оқушылар сарайы» - «Эверест» - 7:0

2013-2014 – «Сайран» - «Эверест» - 2:3.

 

Турнирдің «үздік ойыншысы» номинациясындағы жеңімпаздар:

2007-2008

Үздік ойыншы - Тоқмұхамбет Бекасыл  (Целиноград)

Үздік шабуылшы - Торғауытов Әлібек (Сайран)

Үздік қорғаушы - Үмбеталиев Қанат (Эверест)

Үздік қақпашы - Серіков Дәурен (SD Family)

2009-2010

Үздік ойыншы - Қуандықұлы Арнұр (Сайран U13)

Үздік шабуылшы - Ұрзақан Дінмұхамед (БФО)

Үздік қорғаушы - Игембай Нұрсат (Progress)

Үздік қақпашы - Маутаев Жансерік (Эверест)

2011-2012

Үздік ойыншы - Елеу Әлмансұр (Сайран 2011)

Үздік шабуылшы - Жолдыбай Әлібек (Оқушылар сарайы)

Үздік қорғаушы - Берекетов Анвар (СДЮСШОР 2011)

Үздік қақпашы - Талғатбек Әділхан (Эверест)

2013-2014

Үздік ойыншы - Болатпеков Рамиль (Footninja)

Үздік шабуылшы - Қабылбек Ерасыл  (СДЮСШОР 2014)

Үздік қорғаушы - Самат Әлім (Эверест)

Үздік қақпашы - Дауытхан Әлмансұр (Footninja).

14 мамырда Қарағандыда «SD Family» - «Alash» командалары шоу-матч өтті. «Шахтер» стадионына екі мыңнан аса көрермен жиналса, онлайн трансляцияны 22 мыңға жуық адам тамашалады.

Шоу матч футбол жанкүйерлерінің үмітін ақтап, екі команда да әсерлі де нәтижелі ойын көрсетті. Бұл кездесудің қорытындысынан көрінеді. Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталса, пенальтилер сериясында «SD Family» жеңіске жетті (4:2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0