Ғалым Жасланов Алматыдағы турнирдің басты жекпе-жегінде танымал ресейлік файтермен кездеседі

Аралас жекпе-жектен танымал ресейлік Вячеслав Дацик 23 маусымда Алматыда (Қазақстан) өтетін Ural FC және Naiza бірлескен турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дациктің қарсыласы қазақстандық cпортшы Ғалым Жасланов болмақ. Жекпе-жек ауыр салмақ дәрежесінде өтеді және турнирдің басты оқиғасы болуы керек, бірақ жекпе-жек қандай ереже бойынша өтетіні әлі нақтыланған жоқ.
Еске салайық, Дацик өзінің соңғы жекпе-жегінде REN TV Fight Club кезекті турнирі аясында америкалық боксшы Кевин Джонсонмен кездескен болатын. Жекпе-жек осы жылдың сәуір айында өтіп, төрешілер шешімімен Джонсонның жеңісімен аяқталды.
ММА-да Ғалым Жасланов қазір екі-ақ жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.