«Манчестер Сити» — «Реал Мадрид» матчының тікелей трансляциясы

17 мамырда Манчестерде Чемпиондар лигасының 1/2 финалы аясында «Манчестер Сити» — «Реал Мадрид» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Манчестер Сити» мен «Реал» арасындағы қарымта кездесу Астана уақытымен сағат 01:00-ге жоспарланған.
«Манчестер Сити» — «Реал Мадрид» матчының тікелей трансляциясын «qazaqstan.tv» телеарнасынан көруге болады. Тікелей эфир 00:50-де басталады.
Айта кетейік, бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын.