Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды

Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Интер» өз алаңында «Миланды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойындағы жалғыз голды 74-минутта «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес соқты.

Бірінші кездесу «Интер» 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша олар Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. 

Финалда «Интер» «Манчестер Сити» — «Реал Мадрид» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Қарсылас 17 мамыр, сәрсенбі күні анықталады. Бірінші кездесу тең есеппен (1:1) аяқталған.

Чемпиондар лигасының финалы 10 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0