Бокс

Қазақстан құрамасының капитаны президентпен кездесуден соң мәлімдеме жасады

Қазақстан құрамасының капитаны президентпен кездесуден соң мәлімдеме жасады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Instagram парақшасында президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін біз Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болдық. Ол бізді әлем чемпионатындағы жеңісімізбен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі», — деп жазды Шымбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Асланбек Ташкентте өткен әлем чемпионатында финалда өзбек Саиджамшид Джафаровты бірауыздан жеңіп, алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0