«Астана» америкалық Маркелл Джонсонмен келісімшарт ұзартқанын хабарлады

«Астана» баскетбол клубы америкалық Маркелл Джонсонмен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, 24 жастағы баскетболшы елордалық командаға Батыс Азия Суперлигасы (WASL) Сегіздің финалыда көмектесе алады.
2022/2023 маусымында Маркелл Джонсон ВТБ Бірегей лигасының 21 ойынында (18 матчты негізгі бестікте бастады) 14 ұпай жинаған.
Сондай-ақ Джонсон «Астанаға» Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алуға көмектесті. Ел біріншілігінде ол 19 ойын өткізді (16 матчты негізгі бестікте бастады).
Фото nbf.kz