Хоккейден әлем чемпионатындағы Швейцария - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

16 мамырда Ригада хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылардың қарсыластары Швейцария құрамасы болады.
Швейцария құрамасы сапына жақында «Лос-Анджелес Кингз» шабуылшысы Кевин Фиала, сонымен қатар «Нью-Джерси Дэвилз» командасының екі ойыншысы, қорғаушы Йонас Зигенталер және шабуылшы Нико Хишир қосылды.
Бұл, әрине, Швейцария құрамасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін және қазақстандықтармен алдағы кездесуде жеңіске жету мүмкіндігін арттырады. Алайда, Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері де әр кездесуде ұпай алуға тырысады.
Швейцария - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 23:10-да басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Фото iihf.com