«Фейеноорд» 16-мәрте Нидерланды чемпионы атанды

«Фейеноорд» 16-мәрте Нидерланды чемпионы атанды

«Фейеноорд» футбол клубы мерзімінен бұрын Нидерланды чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фейеноорд» Эредивизияның 32-турында «Гоу Эхед Иглз» командасын 3:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, олар чемпионат аяқталуға екі тур қалғанда жеңімпаз атанды. «Фейеноорд» сапында шабуылшылар Уссама Идрисси, Сантьяго Хименес және Игорь Пайшао гол соқты.

Айта кетейік, «Фейеноорд» өз тарихында 16-мәрте лига чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0