Месси Laureus нұсқасы бойынша үздік спортшы атанды

Месси Laureus нұсқасы бойынша үздік спортшы атанды

ПСЖ клубының шабуылшысы Лионель Месси Laureus тұжырымы бойынша «Жыл спортшысы» номинациясында жеңіске жетті.

Месси дауыс беруде әріптесі Килиан Мбаппе мен теннисші Рафаэль Надальдан басым болды. Былтыр Месси Аргентина құрамасымен әлем чемионатында жеңіске жеткен еді.

Laureus марапаты 1999 жылдан бері өтіп келеді. Әзірге жеңімпаз рекорды теннисші Роджер Федерерге тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0