русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (10-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кезекті жеңіс Кудайға шүкір. Жекпе-жегімді күтіп жанкүйер болғандарыңызға және құттықтауларыңызға үлкен рақмет! 10-0, 8 КО!», – деп жазды 25 жастағы боксшы Инстаграм желісіндегі парақшасында. Пікірде спортшыны осы жетістігімен бапкер Қанат Орақбаев пен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов құттықтады.

Қазақстан уақытымен 7 мамырда таңертең Бек Нұрмағанбет Гвадалахарада (Мексика) венесуэлалық боксшы Аргенис Эспананы (15-2, 14 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Фото instagram.com/suleimen_promotions_official

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;