Әлем чемпионаты: Жетінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы
![Әлем чемпионаты: Жетінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/201736_0498d9d10255a0682ced3eb693f88375.jpg?v=28702218)
7 мамыр күні Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында 51, 57, 75 және 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда қазақстандық үш боксшы рингке шығады. А рингіндегі алғашқы жекпе-жекте Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) үндістандық Дипак Кумармен, бесінші жұпта сол рингте Серік Теміржанов (57 келіге дейін) венгриялық Роланд Верешпен өткізеді. В рингіндегі он екінші жұпта Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) Доминикан Республикасының өкілі Дельгадо де лос Сантоспен жұдырықтасады.
Астана уақытымен 19:00-де басталатын кешкі сессияда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев В рингіндегі оныншы жұпта сириялық Мохаммад Млайеспен ширек финал жолдамасына таласады.
Әлем чемпионаты аясындағы жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.