Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қай телеарна көрсететіні белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қай телеарна көрсететіні белгілі болды

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Хабар» арнасы Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер айқасын тікелей эфирде көрсетеді.</span>

<span>«Жеңіліп көрмеген отандасымыз WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғайды. Стоктандағы жекпе-жекті 14 мамыр күні 7:00-де арнамыздан тікелей эфирде көре аласыздар!», - делінген телеарна хабарламасында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или