«Канеломен» бір кеште өнер көрсететін қазақстандық боксшылар салмақ өлшеді
![«Канеломен» бір кеште өнер көрсететін қазақстандық боксшылар салмақ өлшеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/201736_82e57c6d665596b02b5765729d1d2ed3.jpg?v=28702819)
Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) пен Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Гвадалахарада (Мексика) өтетін кезекті жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бокс кеші Қазақстан уақыты бойынша 7 мамыр күні таңертең өтеді.
Suleimen Promotions инстаграм желісінде хабарлағандай, Нұрмағанбет пен Аманқұл салмақ шегінен сәтті өтті. Олар сәйкесінше венесуэлалық Аргенис Эспана (15-1, 14 КО) және мексикалық Фабиан Риос Фраустомен (7- 6-3, 4 КО) кездеседі.
Қазақстандық боксшылар екінші орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен британиялық Джон Райдер арасындағы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсетеді.