Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Экс-ан-Прованстағы турнирде француз Гарольд Майодан жеңіліп, ширек финалдық кезеңнен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесу 3:6, 1:6 есебімен Майоның пайдасына шешілді.
Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында француз теннисшісі британдық Энди Марреймен ойнайды.