Хоккейден Қазақстан мен Ресей ойынын қайдан көруге болады

Хоккейден Қазақстан мен Ресей ойынын қайдан көруге болады

Бүгін Астанада халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турниріндегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Ресеймен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Ресей ойыны елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, халықаралық турнир аясында қазақстандық хоккейшілер 7 мамырда Беларусьпен шеберлік байқасады.

Ал, 13 мамырда ел құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.

Қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңдегі ойындарын Рига қаласында өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или