«Қабырғам сынған секілді»: Санатәлі Төлтаев бокстан ӘЧ-ден шығып қалуы жайлы

Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев 1/8 финалға шыға алмады.
Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.
«Өкінішке қарай, бүгін жеңіліс тапты. Бұл - бокс. Жеңіліссіз болмайды. Қатты сөкпеулеріңізді сұраймын. Жекпе-жекке келер болсақ, тәжірибелі қарсылас түсті. Олимпиадаға қатысқан. Дегенмен бұл ақталу емес. Бірінші раундта жарақат алып қалдым. Қабырғам сынған секілді. Сондықтан барымды сала алмадым. Маған қолдау көрсеткен барша жаннан кешірім сұраймын», — деді Төлтаев.