Бокс

Әлем чемпионаты: Төртінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Әлем чемпионаты: Төртінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

4 мамыр күні Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында 48, 51, 63,5 және 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде іріктеу жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияның В рингіндегі оныншы жұпта 63,5 келіге дейінгі салмақтың 1/16 финалында қазақстандық Санатәлі Төлтаев маврикиялық Ришарно Колинмен кездеседі.

Астана уақытымен 19:00-де басталатын кешкі сессияның В рингіндегі соңғы жұпта аса ауыр салмақтағы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Алексей Дроновпен 1/8 финал жолдамасын сарапқа салады.

Өзбекстан астанасынан тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0