Бокс

Айбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Айбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Айбек Оралбай алғашқы айналымда болгариялық Радослав Пантелеевті төрешілердің шешімімен жеңді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында боксшылар 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: -48, -51, -54, -57, -60, -63,5, -67, -71, -75, -80, -86, -92, +92 кг.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0