Бокс

Кособуцкий WBA рейтингінде үздік ондыққа жақындады

Кособуцкий WBA рейтингінде үздік ондыққа жақындады

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орнын ұсынамыз:

Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий 12-орынмен рейтингке енді. 1 шілдеде Кособуцкий АҚШ-та жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Джаред Андерсонмен жұдырықтасады, ол рейтингте 11-орыннан сегізінші орынға көтерілді.

Бұл салмақтағы тағы қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орынды сақтап қалды. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик.

Бірінші ауыр салмақта Серік Мұсәділов 15-орыннан жылжыған жоқ. Бұл салмақта чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет сегізінші орынын сақтап қалды. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек үш саты төмендеп, 13-орынға жайғасты. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орында тұр. Бұл салмақта чемпионы - филиппиндік Марлон Тапалес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0