«Алтай» клубтық Азия чемпионатында «Пайканды» жеңді

Бүгін Виньфукте (Вьетнам) волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатында Өскеменнің «Алтайы» 4-5 орындар үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Иранның «Пайкан» клубымен өткен кездесуде «Алтай» 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық клуб турнирде 4-орынға тұрақтады.
«Пайкан» - «Алтай» 0:3 (15:25, 20:25, 18:25)