Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына шықты

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (18 жасқа дейінгі) әлем чемпионатында бірінші дивизионның А тобындағы соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Францияның Анже қаласында өтті.

29 сәуірде Сергей Старыгин шәкірттері франциялық құрдастарымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы сапында Александр Мигунов, Никита Ситников, Бейбарыс Оразов, Кирилл Канкин, Давлат Нүркенов және Егор Левковец гол соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0