Морозов Рамазан айынан кейін жаттығуға кірісті

Қазақстандық UFC файтері Сергей Морозов (19-5) Рамазан айынан кейін жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұзақ демалғаннан кейін залға ораллдым. Ораза айында Алланың қалауымен Рамазанды қарызсыз аяқтадық. Енді қайта жұмысқа кірістім», - деп келтіреді Морозовтың сөзін Sports.ru.
Айта кетейік, 2022 жылдың басында Сергей ислам дінін қабылдады. Қазақстандық файтер UFC-де 2021 жылғы қаңтардан бері бақ сынап жүр.