Қазақстандық файтер Bellator лигасымен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстандық файтер Bellator лигасымен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков ACA лигасының ұсынысынан неліктен бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.

«Иә, АСА ұсынысынан бас тарттым. Олар жақсы келісімшарт ұсынды. Гонорары да жақсы болатын. Мен тек Гран-приге барғым келді. Ол бойынша, егер чемпион болсаң, шартың автоматты түрде үш жекпе-жекке ұзарады. Ал Bellator-ға келетін болсақ, қазірше жай ғана келіссөз жүріп жатыр. Қалай боларын күтіп отырмыз», - деді Ермеков.

АСА вице-президенті Асланбек Бадаев Дәурен Ермеков лига Гран-приінің финалында 200 000 доллар, ал жалпы алғанда 300 000 доллардан аса табыс таба алатынын айтты.

Айта кетейік, Ермеков ММА-да 16 рет жеңіске жетіп, бес мәрте жеңіліске ұшыраған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или