Қазақстандық ММА ардагері келесі титулдық шайқасы, Рахмоновпен жекпе-жегі жайлы айтты

Қазақстандық ММА ардагері келесі титулдық шайқасы, Рахмоновпен жекпе-жегі жайлы айтты

Аралас жекпе-жектен тәжірбиелі файтерлердің бірі Әділ Боранбаев (20-9-1) Алматыда өтетін OCTAGON 44 турнирінің басты додасында өнер көрсетеді.

37 жастағы ардагер жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді жеңіліп көрмеген Магомед Магомедовтен (11-0) тартып алуға тырысады.

Prosports.kz журналисі танымал қазақстандық файтермен байланысып, онымен алдағы жекпе-жекке дайындық туралы әңгімелесті, қазіргі UFC файтері Шавкат Рахмоновпен болған жекпе-жегін еске алды.

- Әділ, наурыз айында Ташкентте ОКТАГОН лигасында Бобур Абдулазизовке қарсы алғашқы жекпе-жегін өткіздіңіз. Еуразиялық промоушендегі дебюттік жекпе-жектен алған әсеріңіз қандай?

- Барлығы жоғары деңгейде болғандықтан, алған әсерім өте жақсы болды. Файтерлерге барлық жағдай жасалған. Мен Өзбекстанда бірінші рет болдым. Лық толған залды көрем деп, тамаша атмосфера мен ұйымшылдыққа куә боламын деп ойламадым.

– 29 сәуірде Магомед Магомедовпен титулдық жекпе-жек өткізесіз. Лигадағы алғашқы табысыңыздан кейін титулға қол жеткіземін деп ойладыңыз ба?

 - Әрине, мен мұны күткен жоқпын. Бұл спортта дәл осындай жағдай жиі кездеседі. Бір файтер жарақат алып қалса, оны алмастыратын спортшыны іздейді. Егер керек уақытта қажетті жерде табылсаңыз, титулдық шайқасқа да шығып қалуыңыз мүмкін.

- Ұйымның жеңілмеген чемпионымен қызықты текетірестен не күтесіз?

- Шыны керек, жекпе-жектің қалай өтері өзіме де қызық. Күреске жақсы, әлі бірде-бір мәрте жеңілмеген чемпион,

– 2016 жылы әлі жас Шақат Рахмоновқа қарсы шығып, одан ұтылып қалдыңыз. Қазіргі UFC файтерімен болған жекпе-жектен қандай естеліктер қалды?

- Сылтау айтқым келмейді. Бірақ сол жекпе-жекке екі апта қалған кезде ғана ұсыныс түсті. Шавкаттың қарсыласы шықпайтын болды, орнына мен төбелестім. Жақсы ақша ұсынды. Жекпе-жекке дайындық аз болды. 

– ТМД елдерінің аралас жекпе-жек жанкүйерлері үшін UFC-дегі ең қызықты жекпе-жектердің бірі – Рахмонов-Чимаев текетіресіжақындап қалған сияқты. Бұл жекпе-жектің фавориті кім деп ойлайсыз?

- Чимаевтың салмағы ауыр, ол салмақ түсіреді деп ойламаймын. Бірақ жекпе-жек өтетін болса, Шавкат соңғы раундтарда жеңіске жетеді. Чимаев алғашқы раундтарда өте қауіпті. Әрине, Рахмоновқа жанкүйер боламын, оған сәл артықшылық беремін.

– Жекпе-жек алдында Магомедовке не айтқыңыз келеді?

- Бастысы таза, әділ жекпе-жек өткенін қалаймын. Жанкүйерлер тартысты шайқас көргісі келеді. Кештің басты жекпе-жегіне лайықты өнер көрсетеміз деп ойлаймын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или