Қазақстандық файтер жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалып жатыр

Қазақстандық файтер жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалып жатыр

АҚШ-та тұратын қазақстандық файтер Николай Веретенников америкалық Демарк Джексонға қарсы жекпе-жекке дайындықты бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Лагерь басталып кетті. Ақырындап қалыпқа келіп жатырмын. Дайындықты Kings MMA залында өткіземін», - деді қазақстандық.

Файтер Джексонға қарсы жекпе-жек UFL турнирінде «шамамен 13 мамырда» өтетінін айтты. Америкалық файтерде ММА-де 11 жеңіс пен жеті жеңіліс бар.

Еске салайық, Веретенниковтың UFL-дегі келісімшарты үш жекпе-жекке арналған, оның кәсіпқой рекорды – 8 жеңіс пен 4 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или