OCTAGON 43 турнирінің тікелей трансляциясы

OCTAGON 43 турнирінің тікелей трансляциясы

Бүгін Алматыда OCTAGON Еуразиялық промоушенің кезекті турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран және Әзірбайжан елдерінің файтерлері қатысатын 12 жекпе-жек өтеді.

Жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде жеңіл салмақ дәрежесінде Гран-при финалы өтеді, онда чемпиондық атақ пен 10 мың доллар жүлдені қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) пен Қырғызстан өкілі Илимбек Ақылбек уулу (6-1) сарапқа салады.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде ұйымның жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы қазақстандық Әлішер Ғабдуллин (11-3) Әзірбайжан өкілі Фарид Алибабазадемен (8-5-1) кездеседі.

Турнирдегі барлық жекпе-жектердің тізімін мына жерден табуға болады. 

Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталып, OCTAGON TV промоушенінің YouTube арнасында қолжетімді болады.

Кеше ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или