Екі дүркін әлем чемпионы Үндістанда 1/8 финалға шыға алмады

Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Жарыстың төртінші күні қазақстандық танымал боксшы Назым Қызайбай турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.
50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым 1/16 финалда күтпеген жерден вьетнамдық Тхи Там Нгуенге есе жіберді.
Осылайша Назым Қызайбай әлем чемпионатының 1/8 финалына шыға алмай, турнирмен ерте қоштасты.
Айта кетейік, Назым Қызайбай бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016) және Азия чемпионы (2021) атанған.