Бокс

Әлем чемпионаты: Төртінші күннің тікелей трансляциясы

Әлем чемпионаты: Төртінші күннің тікелей трансляциясы

19 наурызда Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 50 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалдық жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирлік жолын вьетнамдық Нгуен Тхи Тамға қарсы бастайды. Бұл текетіресті Астана уақытымен 18:30-дан кейін басталады.

Қызайбайдан кейін рингке тағы бір қазақстандық спортшы шығады - Карина Ибрагимова (57 келіге дейін). Ол колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен кездеседі.

Күндізгі тікелей трансляция (Астана уақытымен 14:30-да басталуы, Қазақстан оған қатыспайды) және жарыс күнінің кешкі бөлімдерін Qazsport телеарнасын көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0