Регбиден Қазақстан құрамасы Малайзиядағы турнирде 3-рет жеңіске жетті

Малайзияның шығысындағы Сандакан қаласында 7 адам ойнайтын регбиден дәстүрлі Borneo7s халықаралық турнирі өтіп жатыр.
Бүгін, бәсекенің 2-күні еліміздің әйелдер құрамасы Аустралияның Briars клубын 24:0 есебімен, сосын, Үндістан құрамасын 29:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы В тобындағы алғашқы матчта Малайзияның Labuan Wipers командасын ойсырата (52:0) ұтты. Отандастарымыз топтағы соңғы ойында Өзбекстанмен кездеседі.
Бұл турнир 2001 жылдан бері пандемияға дейін жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы жүлде қоры ерлер мен әйелдер үшін 5 мың АҚШ доллары.