Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Arizona Tennis Classic турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда отандасымыз әлемнің 93-ракеткасы қытайлық Чжан Жичжэньді жеңді.
53 минутқа созылған кездесу 6:1, 6:2 есебімен аяқталды.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін неміс Ян-Леннард Штруффпен кездеседі.