Еуропа лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUEFA Еуропа лигасы ширек финалына жолдама алған барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 1/8 сатысында Италияның «Ювентус», Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары жеңіске жетіп, келесі сатысына шықты.
Ал, өз алаңында Портулгалияның «Спортингімен» 1:1 есебімен тең түскен «Арсенал» жарыстан шығып қалды. Екі команда алғашқы кездесуде 2:2 есебіне қанағат білдірген еді. Осыған байланысты пенальти тебуде португалдар 5:3 есебімен басым түсті.
Енді 1/4 финалда «Ювентус» (Италия), «Фейеноорд» (Нидерланд), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Севилья» (Испания), «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Рома» (Италия), «Байер» (Германия), «Юнион Сен-Жулуза» (Бельгия) командалары ойын көрсетеді.
«Фрайбург» (Германия) - «Ювентус» (Италия) 0:2 (бірінші ойын 0:1)
«Фейеноорд» (Нидерланд) - «Шахтер Донецк» (Украина) 7:1 (1:1)
«Реал Бетис» (Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) 0:1 (1:4)
«Фенербахче» (Түркия) - «Севилья» (Испания) 1:0 (0:2)
«Арсенал» (Англия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:1, пенальтиден 3:5, (2:2)
«Реал Сосьедад» (Испания) - «Рома» (Италия) 0:0 (0:2)
«Ференцварош» (Венгрия) - «Байер» (Германия) 0:2 (0:2)
«Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Унион Берлин» (Германия) 3:0 (3:3).
Ширек финал 13 және 20 сәуір, жартылай финал 11 және 18 мамыр күндеріне белгіленген.