«Канелоның» Мексикадағы жекпе-жегі ресми хабарланды
Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (58-2-2, 39КО) келесі жекпе-жегін ұлыбританиялық Джон Райдерге (32-5, 18КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылар арасындағы жекпе-жек 6 мамырда Гвадалахарадағы (Мексика) «Акран» стадионында өтеді. Альварес пен Райдер баспасөз мәслихатын өткізіп, face-to-face процедурасын өткізіп үлгерді.
Еске салайық, Сауль Альварес былтыр қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін рингке шықпаған болатын. Мексикалық қолына жасалған отадан кейін ұзақ уақыт бойы емделген еді.
Айта кетейік, «Канело» 2011 жылдан бері отанында жұдырықтасқан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или